Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
767
оқылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.