Шымкентте жанармай құю бекетін тонап кетті
Шымкентте жанармай құю бекетін тонап кетті
1,653
оқылды
Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Басылым мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетперде таққан адам пышақ, кастетпен қорқытып, жанармай құю бекеті кассирінен түскен қаражатты тартып алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ер адам таксиде жасырынуға тырысқан. Жанармай құю бекетін тонады деген күдікке ілінген адам Шымкент ПД Қаратал ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.