Қызылордада жасөспірім адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Қызылордада жасөспірім адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
© сурет интернеттен алынды
356
оқылды
  Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған баланың адам өліміне қатысы тексерілуде,- деп хабарлайды Polisia.kz. 2 ақпанда Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені белгілі болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу)  талаптарына сəйкес жария етілмейді.