Трансплантация түйіні тарқатылуда
Трансплантация түйіні тарқатылуда
5,274
оқылды
Ессіз жатқан науқастың өмірін жасанды қолдауды еш­кім де туыстарының ке­лісімінсіз тоқтата ал­май­ды. Пар­ламентте тараптар ортақ ұстанымға келген. Бұл Мә­жіліс төрағасы Нұр­лан Нығматулин өткізген Nur Otan пар­тиясы фрак­ция­сының кеңейтілген оты­рысында мәлім болды. Мәжіліс «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын бірінші оқылымда қарауға дайындалуда. Nur Otan фракциясының депу­таттары меморгандар басшы­ла­рымен, медицина мамандарымен және қоғам өкілдерімен бірге фрак­цияның кеңейтілген оты­ры­сында құжаттың ең резонансты нормаларын талқылады.
– Денсаулық кодексіне қа­тысты көп ұсыныс, пікір айтылуда. Депутаттарымыз аймақта болған­да құжатты талқылады. Бұл мәсе­лені фракция отырысында тал­қылау туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде, сапалы заң қабыл­дауымыз керек, – деген Нұрлан Нығматулин Мәжіліске енгізілгелі бері жоба депутаттар қатысуымен түрлі алаңда қызу талқыланғанына назар аудартты.
Соның арқасында бірқатар күрделі мәселенің ымыралы, ортақ шешімі түзілді. Мысалы, қазақстандықтар ағзасын шетелге шығару нормасына қатысты пікір білдірген Мәжіліс төрағасы «Кодекс жобасында мемлеке­ті­мізден тыс жерде жүрген Қа­зақ­стан азаматтарына медициналық көмек көрсету қажет болған жағ­дайда ғана трансплантациялау үшін экспорттау мүмкіндігі қарастырылғанын» атап өтті. Ал қоғамдағы түрлі пікірді ес­кере отырып, жұмыс тобы про­фи­лактикалық егулерді міндетті және ерікті болып бөлуді ұсынды. Қазақстанда тұрақты тұратын адам­дар міндетті профилакти­ка­лық егулерден өтуі керек. Егер баланың денсаулығында меди­циналық қарсы көрсетілімдер бол­маса, міндетті вакцина­ция­лардың тізіміне сәйкес вакцина жасалады. Фракцияның кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау кодексі жобасының әрбір нор­ма­сы жан-жақты, терең талқыланды.   Айхан ШӘРІП