COVID-19: пневмониядан бір адам көз жұмды
COVID-19: пневмониядан бір адам көз жұмды
Фото: yandex.kz
335
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда пневмониядан 1 адам қайтыс болды. Коронавирус бір тәулікте 114 адамнан анықталды. Пневмонияға 3 адам шалдыққан, 1 адам көз жұмды. Жалпы, осы күні коронавирустан –1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 197 (КВИ-), жалпы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 7 адамның жағдайы ауыр; – 3 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.