Екібастұзда ер адам өз үйінде қайтыс болды. Pavlodarnews.kz-тің дерегінше, мамандар ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппады.
Екібастұзда пәтерде ер адамның үсіп қайтыс болғаны туралы WhatsApp-тағы хабарламаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шынымен де үйлердің бірінде зейнеткердің қайтыс болғанын, бірақ оған пәтердің суық болуы себеп болмағанын түсіндірді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, зейнеткер көзі тірісінде қан қысымынан зардап шеккен.
Жедел жәрдем стансасы сағат 17.32-де Екібастұз қаласында пәтерде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлады.
– Медицина қызметкерлері 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Ешқандай үсік белгілері байқалмады, – деді стансаның баспасөз қызметі.