Атырауда мұз ойылып, атасы мен немересі суға батып кетті
Атырауда мұз ойылып, атасы мен немересі суға батып кетті
Фото: atr.kz
1,249
оқылды
Қайғылы оқиға 4 желтоқсан күні сағат 20.49-да Атырау қаласының Жұмыскер ауылы маңында болды. Жайықтың үстімен серуендемек болған ер адам мұз ойылып, суға батып кеткен.
«Мұз ойылып, адамның суға батып кеткендігі туралы хабар сағат 21.10-да түсті. Жедел құтқару жасағы сүңгуірлері 1950 жылы туған азаматтың денесін судан шығарды. Куәгерлер қарияның 2012 жылы туған немересін құтқарды. Облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне  жіберілді» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Суасты іздестіру жұмысына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының 3 сүңгуірі мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА