Жемқорлықпен күрес саябырсымайды
Жемқорлықпен күрес саябырсымайды
385
оқылды
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиа­лында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­нін­дегі қо­ғамдық кеңестің отырысы өтті. Басқосу мо­де­раторы – қоғамдық кеңес төрағасы Борис Жапаров. Өткен жылғы 21 тамызда пар­тияның Саяси кеңесінде пар­тия­ның «қайта жаңғыруы» жария­ланды. Nur Otan партиясы Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаев пар­тия қатарын тазарту және партия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, партиялық бақылау ко­миссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметін күшейту қажетін атап өткен болатын. Осыған байланысты қалалық қоғамдық кеңес отырысында пар­тияның аудандық филиал­дары жанындағы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңестердің қызметі және олардың қызметінің тиім­ді­лігін арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ Nur Otan партиясы АҚФ жа­нындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қо­ғам­дық кеңестің өткен жылғы бір­қатар мемлекеттік органға бе­­рілген ұсыным­да­рын орындау, оның ішінде білім беру меке­ме­лерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Жасыл эконо­мика басқармасы және тағы басқа да мәселелер қаралды.   Гүлнар ТӘЖИЕВА