Тозығы жеткен техника көп
Тозығы жеткен техника көп
268
оқылды
Еліміздегі ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту көңіл көншітпейді, бар-жоғы 4 пайыздық дең­гейде тұр. Мына қалпымызбен агроөнеркәсіп кешенінің еңбек өнімділігін өсіре алмаймыз. Бұл туралы Ауыл ша­руашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында ескі техниканы есептен шығару қарқыны төмен. Ал Елбасы АӨК-тегі еңбек өнім­ділігін 5 жыл аралығында кемінде 2,5 есе ұлғайтуды тапсырған. Бұл тапсырманы орындау үшін бі­рінші кезекте аграршыларды тех­никалық жағынан қайта жа­рақтандыру қажет. «2019 жылы ең төменгі тех­нологиялық деңгей 6 пайыз бол­ғанда жаңартудың орташа дең­гейі 4 пайызға жетті. Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қа­зақ­стан және Ақтөбе облыс­тарының техниканы жаңарту деңгейі 4,3-4,6 пайыз төңірегінде. Бұл жақсы қарқын. Ал Алматы мен Түркістан облыстарында техниканы жаңар­тудың қарқыны төмен (2,8% және 1,8%)», – деді вице-министр. Оның айтуынша, республика бойынша есептен шығаруға жататын техника тым көбейіп кеткен. Солтүстік Қа­зақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарында тозған техниканы есептен шығару өте баяу екен. Сондықтан озу деңгейі 80 па­йызды құрайтын ескі тех­никаны есептен шығармай, парк­ті жа­ңарту мүмкін емес. Себебі сатып алынған техника жалпы парктің тасасында кө­рінбей қалады.   Тұмар МЫРЗА