Қалған өмірін түрмеде өткізеді
Қалған өмірін түрмеде өткізеді
375
оқылды
Қазақта жануар үшін адамды адам өлтірмейтін. Өлтірсе, ауыр жазаға ұшырайды. Тіпті, барымташы да қуғыншының тізесінен шоқпармен ұрып, аударып кетуші еді. Ал бүгінде сирек жануарды аулап жүріп, қылмыс үстінде ұсталмауы үшін қорықшыны атып тастайтын қаніпезерлер шықты. «Охотзоопром» инспекторын өлтіргендер өмір бойы түрмеге қамалды. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деп айып тағылған үш адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмысқа қатысы бар тағы төрт адам алты жылға сотталды. «Сот үкімімен Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков адам өлтіруге оқ­тал­ғаны, ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi, заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін сотталды және үкімдердің жиын­тығы бойынша оларға өмір бойы бас бостандығынан айырылу жа­засы кесілді» деп үкімін жа­рия­лады Қарағанды облысының қыл­мыс­тық істер жөніндегі ма­мандан­дырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қа­сымов. Соттың баспасөз қызметінің ха­барлауынша, қалған күдіктілер – Берден Базаров, Батырбек Қайыр­беков, Жарасхан Мырзабаев, Ай­дос Әкімов заңсыз аңшылық­пен айналысқаны үшін айыпты деп танылды және оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.  width= Барлық сотталғандар бес жыл бойы аңшылық жасау құқығынан айырылды және Жәбірлену­ші­лерге өтемақы қорына 20 және 30 АЕК көлемінде төлем төлеуі тиіс. Қылмыс құралы болған екі автокөлік, қару-жарақ мемлекет кірісіне жатқызылды. Сонымен қатар сот 17 киіктің көзін жойып, қоршаған ортаға залал келтіргені үшін барлық сот­талушыдан 89 млн 763 мың 750 тең­ге шығынды өтеу туралы ше­шім шығарды. Судья зардап шеккендердің материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағат­тан­дырды. Атап айтқанда, брако­ньер Ахметов, Ақшанов және Шү­­кілдіковті зардап шеккен «Охот­зоопром» инспекторы Петр Ни­цыкке – 6,5 млн теңге, мерт болған инспектор Ерлан Нұрға­лиевтің ұлына – 16,89 млн теңге, оның інісіне – 9,5 млн теңге кө­ле­мінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Қанды оқиға 2019 жылдың 13 қаңтарында болды. Қарағанды облысының Нұра ауданы аума­ғын­да инспекторлар қымбат мүйі­зі үшін ақбөкендерді қырып жүр­ген бір топ браконьерді әшке­ре­леп, ұстауға күш салады. Жауыз­дар­дың соңынан қуу кезінде кө­лік­тердің бірінен үш адам атып шығып, инспекторларға тап бер­ген, ауыр соққыға жыққан. Айып­тылар қызметтік көліктің кілтін және GPS құралын алып кеткен­діктен, қорықшыларды табу қиынға түседі. Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.   Ерік ЕРДЕНОВ