Ресейлік «Билайн» компаниясының корпоративтік деректері ашық интернет кеңістігінде жарияланып кеткен. Ведомости басылымында жарияланған мақалаға сілтеме жасап, Aikyn.kz компанияның ішкі тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды.
[caption id="attachment_230859" align="aligncenter" width="1800"] Telegram канал тұтынушылар деректері желіге тарап кеткенін хабарлады. Бұны арнаға «төрт LDIF-файлына қол жеткіздім» деп мәлімдеген дереккөз айтқан. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Ресейлік компанияның баспасөз қызметі «компанияның әрбір қызметкеріне қолжетімді корпоративтік анықтамалық деректер ашық дереккөздерде жарияланғанын растаймыз. Қазір оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімдеді.
1 желтоқсанда «Утечки информации» Telegram каналы «Билайн» деректері желіге тарап кеткенін хабарлады. Мұны арнаға «төрт LDIF-файлына қол жеткіздім» деп мәлімдеген дереккөз айтқан. Каналдың хабарлауынша, құжаттарда Мәскеу, Орталық, Оңтүстік және Орал сияқты төрт аймақтағы «Билайнның» пайдаланушылары туралы ақпарат болған.
89 мыңнан астам ұялы телефон нөмірі мен 11 мыңға жуық үй нөмірлері еркін қолжетімді болғаны атап өтілді. Сонымен қатар қаскөйлер vimpelcom.ru доменінде 198 000 пайдаланушы логинін және beeline.ru доменінде 67 000-нан астам электронды пошта мекенжайын жариялаған.
[caption id="attachment_230860" align="aligncenter" width="1800"] Ұрланған файлдарда Мәскеу, Орталық, Оңтүстік және Орал аймақтарындағы пайдаланушылардың ақпараты болған. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
2022 жылдың 1 қыркүйегінен күшіне енген «Жеке деректер туралы» Ресей заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, деректер сыртқа жылыстаған жағдайда оператор 24 сағат ішінде Роскомнадзорды хабардар етуге, ал 72 сағат ішінде реттеуші органға қызметтік тексеру нәтижелері мен себептерін жауапты тұлғаларды көрсете отырып, ұсынуға міндетті.
[caption id="attachment_230861" align="aligncenter" width="1800"] Ресей заңына сәйкес, деректер сыртқа жылыстаған жағдайда оператор қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижелерін реттеуші органға ұсынуға міндетті. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Қазан айының басында Ресейдің Цифрлық даму министрлігі жеке деректердің сыртқа жылыстауына қатысты айыппұлдар туралы заң жобасын дайындаған болатын.
Құжатқа сәйкес, 10 000-нан 100 000 субъектіге дейінгі деректердің заңсыз таралуына жол берген компания басшылары үшін 200 мыңнан 400 мың рубльге дейін айыппұл салу ұсынылып отыр. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осындай оқиға үшін айыппұл көлемі 1 миллион рубльден жоғары көлемде көзделген.