«Жұмыста болмаған» – Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өліміне қатысты тың мәлімет шықты
«Жұмыста болмаған» – Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының өліміне қатысты тың мәлімет шықты
Фото: el.kz
553
оқылды
Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының мәйіті көліктен табылды. «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал 4 желтоқсанда қайтыс болған ЖЭО учаске бастығының өліміне  қатысты пікір білдірді.
Inform.kz-тің жазуынша, брифингте БАҚ өкілдері Бағдат Оралға «4 желтоқсанда денесі табылған «Екібастұзжылуэнерго» қызметкері сол күні жұмыста болды ма?» деген сұрақ қойды. «Қайтыс болған қызметкер ол күні жұмыс орнында болған жоқ. Ол демалыста болған», – деп жауап берді «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Орал.
Айта кетейік, бұған дейін Екібастұз ЖЭО учаскесі бастығының мәйіті гараждан табылғанын хабарлаған болатынбыз.