Биыл 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласындағы вокзал маңында полицейлерге шабуыл жасаған бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, сегіз адам 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айырылды.
7 мамыр күні сағат 01.30 шамасында полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы полицейлерге қарсылық көрсетіп, оларға шабуыл жасаған.
Сондай-ақ олар қызметтік қаруды тартып алмақ болып, полицейлерге дене жарақатын салған.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданды.