«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болды. Бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер қаза тапты. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», – делінген ресми хабарламада.