Отбасы институты нығайып келеді
Отбасы институты нығайып келеді
666
оқылды
«AMANAT» партиясы отбасы мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Оған партия жанынан отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің құрылып, өзекті мәселелерге алаң ұсынып жүргені дәлел. Қоғамдық кеңес бүгінде Әлеуметтік кодекске ұсыныс-пікірлер беріп, ел игілігі үшін елеулі шешімдер қабылдауға септігін тигізуде. Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отбасы мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Қалай болғанда да отба­сы­лық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. «AMANAT» партиясы Шым­кент қалалық филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы Жадыра Таңатарова мемлеке­тіміздің мықты болуы – әр отбасының берекелі, әрі берік болуымен сипатта­латынын айтады. «Әр жанұя – қоғамның негізгі тірегі. Партия филиалы жанындағы аталмыш қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жоба­ларын іске асыруда белсенділік танытып келеміз. Атап айтар болсақ, «Бақытты от­басы» жобасы аясында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тиісті басқармалармен бірлесе отырып, ауқымды кешенді жоспар бекітілді. Өмір­лік қиын жағдайдағы жанұя­лармен жұмыс жасауда Полиция депар­таментінің инс­пекторлары жедел әрекет ету топтарын құрып, партия филиалымен бірлесе қыз­мет атқаратын арнайы чаттар ашылды. Қа­ладағы өмірлік қиын жағдай­дағы жанұя­ларды анықтап, өмірге қайта бе­йімдеу үшін арнайы мамандармен жұ­мыстар жүргізілуде», – дейді кеңес төра­йы­мы Жадыра Нағашыбайқызы. Қоғамдық кеңестің көмегімен жыл ба­сынан бері Шымкент қаласы бойынша 30 мыңға жуық аз қамтамасыз етілген және көпбалалы ананы тіркеуге алып, түрлі дең­гейдегі қызмет көрсетілген. Олардың қа­тарында ақпараттық қолдау, психология­лық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеу­меттік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, «Электрондық Үкімет» пор­талынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер бар. Алдағы күндері қоғамдық кеңес тарапынан қалаға қарасты төрт ауданда көмекті қажет ететін отба­сылармен жүйелі байланыс орнату, зор­лық-зомбылықтың алдын алу үшін оңалту орталықтары ашылмақ. «Ал «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында ай­мақтық қоғамдық кеңестің қатысуымен қаңтар-қараша аралығында 300-ден ас­там іс-шара өткізіліп, оған 4000-нан астам адам қатысты. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы аясында Шымкент қаласы ау­мағында орналасқан 262 нысанға мони­торинг жүргізілді», – дейді кеңес төрайымы. Қоғамдық кеңеске тұрғындар әртүрлі жеке мәселелері бойынша хабарласып жатады. Мәселен, қала тұрғыны Г.Расул­ме­това есімді көпбалалы ана жұбайының мүм­кіндігі шектеулі екенін айтып, мүге­дек­тігіне байланысты әлеуметтік төлемді алуға көмек беруін сұраған. Қоғамдық кеңестің бастамасымен оның мәселесі шешімін тапты. Ал З.Ергешова 35 жастағы қызының азаматтық ала алмай жүргенін және осы күнге дейін жеке куәлігінің жоқ екенін ай­тып, қоғамдық кеңеске жүгінеді. Кеңес оты­рысында қалалық көші-қон қыз­ме­тімен бірлесе жұмыс істеудің нәти­жесінде өтініш иесінің құжаттары рәсімделген.

Шымкент қаласы