Аналар шенеунікті арашалап қалды
Аналар шенеунікті арашалап қалды
204
оқылды
Алматы облысы әкімінің халық алдындағы есебі туралы жазғанымызда, жиын соңында талдықорғандық тұрғынның арызын тыңдаған Баталов қала әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты өткен жылы қарашада берілген тапсырманы орындамағанына байланысты   көпшіліктің көзінше біраз  сілкілеп алып, «арызыңды жаз да, қызметтен кет» дей келе, қасында тұрған облыс орталығы басшысына «өзіңе мықты орынбасар тауып ал, мынауың демагог» дегенін келтірген едік.  Іле-шала басшысының сөзіне түсінік берген баспасөз хатшысы да лауазымдық міндетін орындауға жүрдім-бардым қараған орынбасардың орнынан алынатынын жариялаған болатын. Дегенмен облыс басшысы да, оның хатшысы да асығыстыққа жол берген сыңайлы. Қаладағы тұр­ғын үй-коммуналдық шар­уа­­­шы­лық, жолаушыларды тасы­мал­дау, автомобиль жолдары, құ­­­рылыс, сәулет және қала құры­лы­сы, сертификаттау, стандарттау және метеорология, санитарлық таза­лық, абаттандыру, су құбыры, энер­гетика, телекоммуникация, тө­тенше жағдай, аумақтық және аза­маттық қорғаныс сынды қай кез­де де күйіп тұратын салаларға жауапты Асхат Қалиасқаровқа былайғы кезде лауазымды тұлға­­ларды жақтай қоймайтын көпба­ла­лы аналар араша түсті. Әкімнің ашу да қайтып қалғандай... Алматы облысы әкімінің бас­пасөз хатшысы Ғалымұрат Жү­кел­дің айтуынша, Талдықорған қа­ла­сы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаров арыз жазбапты. Есеп беруден соңғы кездесуді бүкіл ақ­па­рат құралдары жедел таратып жі­­бергенінің арқасында оқиғадан дер кезінде құлақтанғандардың бі­реуі әкімді құптап, енді біреулері орынбасарға жанашырлық та­ныт­­қанын көрдік, естідік, оқы­дық. Көпбалалы аналар да қарап қал­­май, облыс әкімдігіне хабар­ла­­сып, бір тұрғынның арызы бү­­кіл қалалықтардың пікірін біл­­дір­­­мейтінін, өздері түрлі мәсе­ле­­­­­лермен қала әкімдігіне жиі бар­­ғанда, түсіністік танытып, қо­­­лы­­нан келгенше көмек көрсете­тін ла­уазымды тұлғалардың бірі Қа­лиасқаров екенін жеткізеді. Әлеу­меттік желілер арқылы өңір бас­шысына жеке-жеке хат жа­зып, қала орынбасарын орнында қалдыруды сұрайды. «Халық қа­ла­са, хан түйесін сояды» деген, ақы­ры тұрғындар талабы ескеріліп, оры­н­басарды орнында қалдыру ту­ралы шешім қабылданыпты.   Болат АБАҒАН, Алматы облысы