Ақтауда 51 жастағы әйел үш күннен бері табылмай жатыр

Ақтауда 51 жастағы әйел үш күннен бері табылмай жатыр

Ақтау тұрғыны Айсара Шоқтыбаева үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен полицейлер жұмылдырылған.Полицейлердің айтуынша, 51 жастағы әйел 8 желтоқсанда сағат 10-дар шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған. Белгілері: арық, бойы 165-170 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Көзілдірік тағып, бір аяғын сылтып басады. Жоғалған күні оның үстінде ақшыл күрте мен басында көк түсті баскиім болған. Іздестіріліп жатқан әйел адамға қатысты қандай да бір ақпарат болса, департаменттегілер +7(700)499-72-92, +7(700)729-20-12 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.