Екібастұзда еріктілер штабы белсенді түрде жұмыс істеп жатыр

Екібастұзда еріктілер штабы белсенді түрде жұмыс істеп жатыр

Екібастұз қаласында болған апатқа байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және Ұлттық волонтерлік желі төрағасы Вера Ким жедел штаб жұмысы  қосылғанын хабарлады.

"Екібастұз қаласында "AMANAT" партиясы жанынан халыққа көмек көрсету үшін еріктілер штабы құрылды. Еріктілер үй-үйді аралап, көмекке мұқтаж және көмек көрсетуге дайын адамдар туралы ақпарат жинайды.

Кешеден бері партия көпбейінді аурухана мен емханаға жылытқыштар жіберуде.

Сондай-ақ партия мүшелері мен ЖБДО төтенше жағдайлар қызметіне көмектесіп жатыр", - деп атап өтті Вера Ким.

Екібастұз

Еріктілер штабының сенім телефондары: +77054057128, +77779965010.

Сондай-ақ партия филиалдары (тел. +701 705 00 65) арқылы кез келген адам көмек көрсете алады.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.