Биыл жұмыс бабында қанша журналист қаза тапты?
Биыл жұмыс бабында қанша журналист қаза тапты?
244
оқылды
Биыл 67 журналист қызмет бабында қаза тапты. Әлемнің 21 елінде журналистер қайтыс болды, оның басым көпшілігі Украинада қаза тапқандар. Халықаралық журналистер федерациясы 2022 жылы қызметте жүріп қайтыс болған және түрмеге жабылған журналистер санының өскенін тіркеді, – деп хабарлайды федерация сайты. Оның айтуынша, 2022 жылдың басынан бері 67 журналист пен БАҚ қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш – 47 адам болған. Хабарда Украинадағы соғыс қимылдары салдарынан 12 БАҚ қызметкерінің қаза тапқаны, бұл журналистер қаза тапқан 21 ел арасындағы ең жоғары көрсеткіш екені айтылған. Мексикадағы қылмыстық ұйымдардың терроры және Гаитидегі заңдылық пен тәртіптің бұзылуы тиісінше 11 және 6  БАҚ өкілінің өліміне себеп болды.
"Журналистердің және басқа БАҚ қызметкерлері өлімінің артуы алаңдаушылық туғызады және бүкіл әлем үкіметтерін демократияның негізгі тіректерінің бірі болатын журналистиканы қорғау үшін шаралар қабылдауға тағы бір рет шақырады", – деді Халықаралық журналистер федерацияның бас директоры.
Сондай-ақ федерация есебінде 2022 жылы 375 журналист пен БАҚ қызметкерінің саяси қуғын-сүргін құрбаны болғаны – олар қазір темір тордың ар жағында отырғаны көрсетілген. Сотталған журналистердің ең көп саны Қытай, Түркия, Иран, Беларусь, Египет және Ресейде тіркелген.