Премьер-министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтардың жалақысы көтерілуі мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, келесі жылы 4,4 миллион адам 4,6 триллион теңгенің әлеуметтік төлемдерін алады.
"1 қаңтардан бастап цифрлық отбасы картасы арқылы әлеуметтік қорғау қызметтері проактив форматқа көшеді. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық штаб құрылды. Барлық мемлекеттік орган салалық тұжырымдамаларды, ведомстволық даму жоспарларын әзірлеп жатыр. Олар жылдың басында бекітіледі", – деді Смайылов.
Смайылов Мемлекет басшысына Үкімет сайлауалды бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізетінін айтты.
"Нәтижесінде экономика тұрақты түрде өсіп, халықтың өмір сүру сапасы артады. 2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кемінде 4% деңгейінде болжанады. Халықтың жалақысының нақты өсуі 2,3% деңгейінде күтіледі. Жұмыссыздық 4,8% дейін төмендейді", – деді Премьер-министр.