Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған вайнерлердің ісін Алмалы аудандық сотына жолдады.
"Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д.Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады", – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Сонымен бірге іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі іздестіріліп жатқаны, оларға халықаралық іздестіру жарияланғаны хабарланды.
Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды.
Еске салайық, 2022 жылғы 10 ақпанында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейінгі рет 21 қарашада тағы бір айға, 19 желтоқсанға дейін қамауда ұсталатыны хабарланған еді.