Реставрацияға қатысты семинар
Реставрацияға қатысты семинар
506
оқылды
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Жазба мұралардың реставрациясы және сақтау сұрақтары» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинардың көздегені – реставратор, қор сақтаушы мамандардың біліктілігін арттыруға және жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Отан және әлем тарихынан сыр шертетін көне жазба мұраларды өскелең ұрпаққа жеткізуде заман талабына сай әдістермен бөлісу. Халықаралық семинарға республика­лық, облыстық, қалалық және басқа да архивтерден келген 40-тан астам архив­шілер қатысып, реставрация әдістемелері бойын­ша тәжірибе алмасты. Ауқымды шара барысында архивтік құ­жаттарды қалпына келтіру және консер­вациялау, қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайда­лану, реставрациялау мәселелері туралы шеберлік сағаты өтті. Тәжірибе бөлімінде Ресей мен Өзбекстан елдерінен арнайы келген реставраторлар шеберлік сағатын өткізіп, баяндама да жасады. Халықаралық ғылыми семинар нәти­же­сінде архив саласының қызметкерлері алғысхатпен және сертификатпен мара­пат­талды.

А.ЖОЛДАС