Қызылордада әйел көпірден секіріп кетті – видео
Қызылордада әйел көпірден секіріп кетті – видео
Фото: polisia.kz
526
оқылды
Қызылордада әйел көпірден секіріп кетіп, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Рolisia.kz-тің дерегінше, кеше сағат 21:50 шамасында Қызылордада 102-ге Қазбек би мен Қазантаев көшесі бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полицейлер барғанымен, әйелдің қайтыс болғаны анықталды. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.