IT студенттері АҚШ-та жұмысқа орналаса алмай жатыр
IT студенттері АҚШ-та жұмысқа орналаса алмай жатыр
Бірнеше жыл бұрын Facebook, Google және Microsoft студенттерге табысы жоғары жұмыс пен әлемді өзгертуге апаратын қызмет ұсынып, компьютерлік білім беру саласын қатты ынталандырды. Қазіргі IT нарығы өзгере бастады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
871
оқылды

IT мамандықтарына оқитын студенттер үшін жоғары технологиялық еңбек нарығындағы қысқартулар қиындық туғызуда. Бұдан бірнеше жыл бұрын Facebook, Google және Microsoft сияқты технологиялық алпауыттар студенттерге табысы жоғары жұмыс пен әлемді өзгертуге апаратын қызмет ұсына отырып, компьютерлік білім беру саласының мамандарын ынталандырды. АҚШ-тағы IT нарығындағы өзгерістер туралы жазған The New York Times басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Анналис Ни Сиэтлде 10-сыныпта оқып жүрген кезінен бастап Google компаниясына бағдарламалық жасақтама дайындау қызметіне тұруды армандаған. Сондықтан ол өзін ең ірі технологиялық фирмаларға жұмысқа дайындап, жұмыс берушінің басқа да қатал талаптарына сәйкес болуға көп күш жұмсады.

[caption id="attachment_231955" align="aligncenter" width="1816"]Picture2 Анналис Ни Google компаниясына бағдарламалық жасақтама дайындау қызметіне тұруды армандаған. Ол өзін ең ірі технологиялық фирмаларға жұмысқа дайындап, жұмыс берушінің басқа да қатал талаптарына сәйкес болуға көп күш жұмсады. Фото nytimes.com сайтынан алынды.[/caption]

Орта мектепте Ни ақпараттық технологиялар мен информатика курстарын оқыды, Microsoft корпорациясында тағылымдамадан өтті және кіші студенттерге ерікті ұстаз ретінде бағдарламалауды үйретті. Ол Вашингтон университетінде информатика мамандығы бойынша білім алып, Facebook-та бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу бойынша тағылымдамадан өтті. Биыл колледжді бітіргеннен кейін ол Facebook-тың бас компаниясы Meta-да бағдарламалық жасақтама инженері ретінде армандаған жұмысын бастау үшін Силикон алқабына көшті. Ал, өткен айда Meta 11 000-нан астам қызметкерін қысқартты, соның ішінде Ни де бар.

«Мен қатты ренжідім және қорықтым, өйткені, күтпеген жерден не істерімді білмей қалдым», – дейді 22 жастағы Ни алғашқы жұмыс орнындағы сәтсіздік туралы.

[caption id="attachment_231956" align="aligncenter" width="1804"]Picture3 Технологиялық компаниялар 2023 жылға дейін тағылымдамадан өтушілер санын екі есе қысқартуды қарастыруда. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Соңғы онжылдықта алты сандық бастапқы жалақы, тегін тамақ сияқты жеңілдіктер және миллиардтаған адамдар пайдаланатын қолданбаларда жұмыс істеу мүмкіндігі жастарды информатикаға – компьютерлік бағдарламалауды және алгоритмдер сияқты процестерді зерттеуге жетеледі.

200-ге жуық университеттің компьютерлік дәрежесін қадағалайтын Компьютерлік зерттеулер қауымдастығының мәліметтері бойынша, бұл пәнді оқитын студенттер саны 2011 жылдан 2021 жылға дейін үш есе өсіп, 136 000 студентке жетті.

Қазір жағдай өзгере бастады. Meta, Twitter, Alphabet, Amazon, DoorDash, Lyft, Snap және Stripe компанияларындағы жұмыстан босату, жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың қысқаруы атақты компанияларда қызметке тұру үшін жылдар бойы өздерін дайындаған жас ұрпақты тұйыққа тіреді. Технологиялық жетекшілер болса қысқартуларды әлемдік экономиканың құлдырауымен байланыстырады.

[caption id="attachment_231957" align="aligncenter" width="1793"]Pictur4 Жұмыстан босату, жаңа қызметкерлерді қабылдаудың қысқаруы атақты компанияларда қызметке тұру үшін жылдар бойы өздерін дайындаған жас ұрпақты тұйыққа тіреді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды.[/caption]

Бұрын технологиялық компаниялар өздерінің тағылымдамадан өту бағдарламаларын жұмысқа үміткерлерді жалдау үшін пайдаланып, көптеген студентке оқуды бітіргеннен кейін тұрақты қызмет ұсынатын.

Бірақ соңғы жылдары осы мүмкіндіктер азайды. Мысалы, Amazon 2022 жылы шамамен 18 000 интернді жұмысқа алды, кейбір IT мен компьютерлік технология мамандықтарында оқитын студенттерге жазда тұрғын үй стипендиясын есептемегенде шамамен 30 000 доллар төледі.

«Қазіргі уақытта компания 2023 жылға дейін тағылымдамадан өтушілер санын екі есе қысқартуды қарастыруда», – дейді бағдарламамен таныс, бірақ өзін атамауды сұраған компания өкілі.

[caption id="attachment_231958" align="aligncenter" width="1804"]Picture5 Әлемде IT мен компьютерлік технология саласында студенттер үшін әлі де жақсы жұмыс орындары бар. Бұл жұмыстың көпшілігі қаржы және автомобиль өнеркәсібі салаларында. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Жалпы әлемдік тенденция бойынша IT мен компьютерлік технология саласында студенттер үшін әлі де жақсы жұмыс орындары бар және бұл сала дамып келеді. АҚШ-тың еңбек статистикасы бюросы 2021-2031 жылдар аралығында бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер мен тестілеушілерді жұмыспен қамту 25%-ға өсіп, 411 мыңнан астам жаңа жұмыс орны болатынын болжайды. Бірақ бұл жұмыстың көпшілігі қаржы және автомобиль өнеркәсібі сияқты салаларда бар.

«Студенттер әлі де көптеген жұмыс үшін ұсыныс алып жатыр. Алайда, бұл ұсыныстар Meta, Twitter немесе Amazon-нан емес, көп ұсыныс GM, Toyota немесе Lockheed сияқты ірі өндіруші корпорациялардан келеді», – дейді Остиндегі Техас университетінің ақпараттандыру бөлімінің басшысы Брент Винкельман.

Осындай қиын уақытта студенттер танымалдығы аз технологиялық компанияларға өтініш беруде. Олар Walmart сияқты бөлшек сауда желілерінде немесе мемлекеттік мекемелерде, коммерциялық емес ұйымдарда технологиялық мамандық бойынша жұмыс іздейді.