Сенатқа кандидат ұсынды
Сенатқа кандидат ұсынды
453
оқылды
«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық мәслихатындағы депу­тат­тық фракциясының кезекті отырысында Парламент Се­натына өте­тін алдағы сайлауға кандидат ұсыну мәселесі қа­ралды. Депутаттық фракция мүшелері Ақ­мола облыстық мәслихатының хат­шы­сы Талғат Жүнісовтің канди­датурасын ұсы­нып, бірауыздан қолдады. Талғат Тұрлыбекұлы – техника ғы­лым­дарының докторы, академик. Көк­шетау ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, «Фемида» заң ака­демиясын заңгер мамандығы бойынша бі­тірген. Еңбек жолын жұмысшы бо­лып бастаған. Ш.Уәлиханов атындағы Көк­шетау мемлекеттік университетінде ассис­тент, доцент, ауыл шаруашылығы инс­титуты директорының орынбасары, сырт­тай оқытатын бөлімшенің деканы, про­ректор лауазымына дейінгі қызмет жо­лынан өткен. Білім және ғылым ми­нистр­лігінде қызмет атқарған. 2002-2008 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік уни­вер­ситетінің проректоры, 2008-2012 жыл­дары Рудный индустриалдық инс­ти­тутының ректоры, 2012-2014 жыл­дары Ұлттық инженерлік акаде­мия­сының вице-президенті, 2014-2016 жыл­дары Президент жанындағы мем­лекеттік басқару академиясының вице-рек­торы болып қызмет атқарды. «Ұлт­тық аграрлық ғылыми-оқыту орта­лы­ғы» ҰАО Басқарма төрағасының орын­ба­­сары болды. Дәл қазіргі уақытта Ақ­­мола облыстық мәслихатының хат­­шысы. «Құрмет» орденімен, мере­ке­­лік медаль және төсбелгілермен ма­ра­патталған.