«AMANAT» партиясы Jastar Ruhy Жастар қанаты кіші футболдан AMANAT CUP турнирін ұйымдастыруда. Бірнеше облыста жастар командасы бақтарын сынады.
Жамбыл облысында аталған турнирге әртүрлі салада қызмет етіп жүрген жастар қатысты. Журналистер, «Жайдарман» ойыншылары, мәдениет саласының өкілдері, ауыл жастары, пікірсайысшылар, еріктілерден құралған 8 команда өзара кім мықтыны анықтады. Турнир мақсаты – жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, республика жастары арасында футболды насихаттау және дамыту, бұқаралық спортты дамыту. І орынды Тараз Press командасы жеңіп алса, «Мәдениет құрамасы» ІІ орын алды. Ал «Облыстық Жастар ресурстық орталығы» командасы ІІІ – орнықты. «Ең үздік ойыншы» болып Саят Қойшыманов, «Үздік шабуылшы» – Арман Жаналиев, «Үздік қақпашы» – Жансейіт Нұралиев танылды.
Павлодар облысында бұл турнир әуесқой командалар арасында өтті. 8 команда арасынан «Кенжекөл» командасы бірінші орынды иеленсе, DoStar командасы екінші, «Кемеңгер» командасы үшінші орнықты. Азамат Жилжанов – «Ең үздік ойыншы», Рахат Искаков – «Үздік шабуылшы», Адил Переписов – «Үздік қақпашы» атағын иеленді.
Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында өткен бұл шағын футбол турниріне өңірдегі жұмысшы, блогер, танымал жастардан құрылған 8 команда қатысты. Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша І орынды бұқаралық спорт өкілдері, медиа саласының жастарынан құрылған «Нереал» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орын Қазақстан темір жол мекемесінің жұмысшы жастарынан жасақталған «ҚТЖ» командасына, ІІІ орын әзіл-қой жастардан құрылған «Жайдарман Ақтөбе» командасына бұйырды. Сонымен қатар жалпы ойыншылар арасында шебер ойын көрсеткен бірқатар жастар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинациясын алды. Командалар мен ойыншыларды «Жастар Рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының Төрағасы Ануар Искарин марапаттады.
Ақмола облысында тартысты кездесулерге әртүрлі санаттағы, оның ішінде жұмысшы, өзін-өзі қамтыған, өнерпаз жастардан 8 команда шықты. I орын «ВМКГЗ» командасына, II орын «КУАМ» командасына, III орын FC PRIDE командасына бұйырды. «Үздік қақпашы» номинациясын Самат Сұлтанбеков, «Үздік шабуылшы» аталымын Диязали Нұрланов, «Үздік ойыншы» атағын Диас Құсайынов жеңіп алды. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.