Сарбаз саулығына салғырт қарайды
Сарбаз саулығына салғырт қарайды
704
оқылды
Қорғаныс министрлігі әскердегі әлімжеттік пен казар­ма­да­ғы өлім-жітімнің жиілеуінен ке­­йін халықтың жанай­қайын ес­керіп 2022-2025 жылдарға арналған «Өмірді сақ­та» бағд­ар­­ламасын бе­кітіпті. Бағдарламаны бүге-ші­ге­сіне дейін қа­­ра­­­ған бір топ Се­нат депутаты бұл фак­ті­лер­дің барлығы се­­­беп емес, салдар еке­нін айтып отыр. Сол үшін әскери қыз­мет­­ші­лер­­дің өмірін сақ­тау мәселесі тура­лы депутаттық сауал жол­да­ған. Айту­ларын­ша, әскердегі өлім-жітім­ді азайту үшін ке­шен­ді жоспар мен мемлекет деңгейіндегі ауқымды шаралар ауа­дай қажет. Бұған дейін осы салада талай жыл еңбек еткен мамандар ка­зар­мадағы қайғылы жағдайдың жиі­леуіне әскерилердің әлеуметтік өмірге әртүрлі бейімделуі мен сар­баздар арасындағы ауру-сыр­қау­дың артуы себеп екенін айт­қан-ды. Олардың сөзіне сүйенсек, қазір әскери билет үшін Отан қорғауға баратын бозбала көп. Ал қалғаны міндет­тел­ген квотаны толтыру үшін мәж­бүрлеп әскер қатарына алын­ған­дар. Өкінішке қарай, соң­ғы уа­­қыт­та әскерге өз еркімен атта­на­тындар азайған. Оның себебі неде? Біздің елде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәр­тебесі туралы» заң бойынша ша­қыру науқанын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Ал әскери міндетті орын­даудан жалтарған адамдарды іздестіруді ішкі істер органдары жүзеге асырады. Қорғаныс минис­трлігінің берген дерегіне сүйенсек, қазір шақыру қағаздарын алған және медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмеген 2 000-нан астам әскерге шақырылушы бар. Осыған байла­нысты тиісті мемлекеттік органдар мәжбүрлі сипаттағы шараларды қабылдауға мәжбүр. Республика бойынша 35 мынға жуық азамат іздестіріліп жатыр. Бұлардың басым көпшілігі әскери есептен шыға­рылмай түрлі себеппен әр жаққа кетіп қалғандар. Егер әс­кер­ге ша­қырылушының тарапынан жалтару жағдайы анықталса, заң алдында жауапкершілікке тарты­лады. Мы­салы, көктемгі әскерге шақыру ба­рысында 10 мыңнан аса жалта­рушы тіркелсе, оның ішінде 3 091 адам әкімшілік жауапкер­ші­лікке тартылған. «Біз халыққа қыз­мет өткерудің маңыздылығын – адам­ның өзі үшін, қоғам үшін, ел үшін жеткізгіміз келеді. Әрбір мерзімді қызметтегі әскери қыз­метші – бұл мемлекеттің тірегі, бұл біздің қо­ғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі» дей­тіндер сарбаз саулығына кепілдік бере ала ма? Жалған құжатты өлім әшкерелейді Әскерге шақыртылғандарды ірік­теу – ең жауапты міндет. Қа­ру­лы Күштер Бас штабының Ұйым­дастыру-жұмылдыру жұ­мыстары департаменті бастығының орын­басары полковник Аян Еслямов осыған дейін берген сұхбатының бірінде «Әскерге алынатын жастар­дың мамандығы, білімі, моральдық және іскерлік қасиеті, денсаулығы мен дене бітімі, тіпті арнайы да­йындығы мен отбасылық жағдайы да егжей-тегжейлі зерделенеді. Соның ішінде қылмыстық жауап­кершілікке тартылғаны, тергеуде жүргені, заңсыз қоғамдық бірлес­тіктердің немесе дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшесі ретінде ар­найы есепте тұрғаны да мұқият тексеріледі» деген. Оның ішінде денсаулығына байланысты тексеріс ерекше қаралады екен. Әскерге шақырылғандарды алдымен жа­рамдылықтың 6 санаты бойынша 11 дәрігер тексеріп, психологиялық ауытқушылығы да әбден тексе­рі­леді. Әйткенмен, әскери комис­сияның тексерісінен өткен жігіт­тердің жыл өтпей-ақ өз-өзіне қол салып, қала берді денсаулығы сыр беріп жатады. Мәселен, Бас әскери прокурордың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қай­тыс болған. Осылардың ішінде 89-ы науқастанып қайтыс болса, 62-і жол апатынан, 50 адам суи­цидтен, ал 8 адам өзге де се­беп­терден көз жұмған. Байқасақ, әскери саладағы өлім-жітімнің дені ауыр сырқаттың салдарынан болып отыр. Демек, әскерге ша­қырылатын жастардың біразының денсаулығы Отан алдындағы бо­рышын өтеуге жарамайды. Сөйте тұра, жыл сайын міндеттелген квотаға сай саптағы сарбаздардың саны толықтырылады. Өкінішке қарай, міндетті әскери борышты мәжбүрлеудің соңы қайғылы аяқ­та­лып жатады. Комиссия мүшелері де жауапкершілікке тартылуы керек Казармадағы қайғылы оқиға­лардың бір ұшы аудандық әскери медициналық комиссиялардың жұмыс істеу тәсіліндегі кемшілікке келіп тіреледі. Сенат депутаты Нұр­жан Нұрсипатов осылай деп отыр. Оның сөзінше, аудандағы дәрігерлер әскерге шақырылу­шылардың денсаулығы мен пси­хологиясын бала күнінен бақылауы тиіс. «Әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу үшін баратын әскери бөлім өкіл­деріне солардың шығарған ұйға­рымы негіз болады. Одан кейін комиссия мүшелерінің қоры­тын­дысына қарап алады. Сондықтан әскерге шақыртылатын бозба­ла­лардың бала кезінен цифрлан­ды­рылған паспорты болу керек. Мы­салы, 13-14 жастағы ер балалардың денсаулығы, тән саулығы, психи­касы, психологиясы үнемі бақы­лауда болуы керек деп есептейміз. Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше баланың бүкіл психо-физикалық портреті арнайы электронды кітапшада жиналып тұрса, әскерге дейінгі, жасөспірім шақтан жиналған, сарапталған ақпарат суицидке бару, әлімжеттік көрсетуге бейім адамдарды ерте анықтап, көптеген проблеманың алдын алар еді. Бұл болашақта әс­кери бөлімшелерге он екі мүшесі сау балаларды алаңсыз іріктеп алу үшін қажет. Ал қазір міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қата­рына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр», – дейді депутат. [caption id="attachment_232085" align="aligncenter" width="1566"]әскери қызметкерлер © коллаж: Әсел Балтақызы[/caption] Сонымен бірге әскердегі пси­хо­логтер мен медицина қызметкер­лерінің өздерінің де денсаулығы мен психологиялық жай-күйі әс­кери өмірге сай келетіні толықтай тексерістен өткізілгені жөн. Осын­дай өз ісіне бейжай қарамайтын білікті кадрлардың жұмысында тұрақтап қалуы үшін азаматтық дәрігерлермен айлығын теңестір­ген дұрыс. Әйтпегенде, қазір әс­кери салада тұрақтап қалғысы ке­летін дәрігерлер аз. Бұл үрдіс жал­ғаса берсе, әскеріміз білікті меди­цина қызметкерінсіз қалуы мүмкін. «Ал казармадағы өлім-жі­тімге әскерилердің денсаулығы мен психологиялық ауытқу­шы­лығы себеп болса, әрбір өлім фак­тісі егжей-тегжейлі тексерілу ке­рек. Егер ол адамның бойындағы аурудың себебі дер кезінде анық­талмағаны дәлелденсе, командир ғана емес, сол баланы сау етіп көрсеткен аудандағы әскери ме­дициналық комиссияның дәрігер­лерінен бастап бөлімшедегі сарбаз саулығына жауаптыларды да жа­уапкершілікке тартқызу қажет. Қажет болса, олардың үстінен де қылмыстық іс қозғалып, жазаға тартқызу аздық етпейді», – дейді Нұржан Нұрсипатов. Отан қорғау ойыншық емес Халық қаһарманы, генерал-лей­тенант Бақытжан Ертаев «әс­керге барып көрмеген адам әскери тактика туралы дәріс өткізіп, казармаға бір түн түнеп шықпаған адам әскери кафедраны басқаратын болды» деп отыр. Ең сорақысы, Отан алдындағы міндетін өтеп көр­мегендер отаншылдық рух туралы көпірте сөйлейтін күнге жетті. Осын­дай жағдайда әскери бөлім­шедегі психологтер мен дәрігер­лердің біліктілігі туралы бір нәр­се айтудың өзі қиын екенін жет­кізген генерал-лейтенант: «Мұны неге ай­тып отырмын? Кез келген сала үшін практикалық тәжірибесі бар маман иелері қажет екенін үнемі айтып келемін. Соның ішінде әс­кери салаға адасып келген адам­дар жақсылық әкелмейді. Отан қорғау ойыншық емес. Сон­дықтан Отанды қорғау үшін ант беретін адамдардың денсаулығына жауапты психологтер мен дәрі­герлерге біліктілік талаптары өте жоғары болуы қажет. Олардың оқып-білгені ғана емес, өмірлік тә­жірибесі мол маман болуы ма­ңызды. Оларды әскери салаға алар кезде қайта даярлықтан өткізеді. Бірақ даярлық сабағы кафедрадан казармаға ауыстырылып, поли­гонда жалғасу керек. Өйткені олар сарбаздардың жан-дүниесін сезі­ніп, олардың денсаулығына әскери өмірдің қаншалықты әсер ететінін көзімен көруі тиіс. Бір сөзбен айт­қанда, әскердегі психологтер мен медицина қызметкері әр сарбаздың тамырын ұстап-ақ сырқатын анық­тап, жанарына қарап жан-дү­ние­сіне үңіле алатындай бесаспап маман болуы керек», – дейді. Оның айтуынша, болашақ сарбаздардың денсаулығы ғана емес, тәрбиесі де тал бесіктен бас­талғаны жөн. «Қазақтарда үйдің тұңғыш немересі ата-әжесінің баласы болып есептеледі. Яғни, әскердегі психологтер ата-әже мен ата-анасының қолында тәрбие­ленген баланың мінез-құлқына, тәрбиелену ерекшеліктеріне дейін білетін қабілетке ие болуы керек. Бірақ бұл барлық міндетті әскери салаға артып қоюды білдірмейді. Сол үшін денсаулықтары бала күнінен бақылауға алынғаны се­кілді жігіттерді жөргектен тәрбие­леуді отбасы, мектеп болып қоғам жұмыла көтерген жөн. Әскерге шақыртылатын балалар темекі шекпеген, арақ ішпеген саламатты өмір салтын ұстанған, кез келген қиындыққа темірдей төзімді болу үшін де бастауыш сыныптан бастап әскерге дайындық сабағын қолға алу қажет. Әйтпесе, қазіргідей жоспарды орындау үшін жігіттердің құжат жүзінде сау етіп көрсетіп, ертеңгі күні аяқ-қолы бүтін бала­сын табытпен қайтару жағдайы жиілей береді», – деп отыр Бақыт­жан Ертаев. Сайып келгенде, саптағы сар­баздарды іріктеуден бастап олар­мен жұмыс жүргізетін білікті ма­мандардың болмауы қорғаныс са­ласының қоғам алдындағы мәрте­бесіне нұқсан келтіреді. Сол үшін депутаттар әскерилердің денсау­лығына жауапты мамандардың жалақысын азаматтық дәрігер­лердің айлығымен теңестіру керек екенін айтып отыр. Сондай-ақ олар әскери құрылымдардағы психологтердің штаттық санын көбейтіп қана қоймай, кәсіби бі­лік­тілігін алдыңғы қатардағы жоға­ры оқу орындарының және орта­лық­тардың негізінде арттыру ке­регін жеткізген. Ал жергілікті ат­қа­рушы органдар шақырушы ко­мис­сияның құрамын білікті маман­дардан құрып, шақыру пункттерін тиісті құралдармен жабдықтау керек. Дұрыс қой. Дегенмен жа­лақыдан бұрын әскери комиссия құрамына алынатындарға жауап­кершілікті күшейтіп, казармадағы дәрігерлер мен психологтерге қо­йылатын біліктілік талабын арт­ты­ру да керек шығар.