Бүгін Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этносаралық келісім тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Байқау Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми әлеуетін тарту арқылы этносаралық келісімді, этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру, студенттер арасында этносаралық келісімді және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту мақсатында өткізілді.
Жалпы байқауға 21 ғылыми жұмыс келіп түсті. Комиссияның шешімімен келесі студенттер сертификаттармен марапатталды:
1 орын – 250 000 теңге сертификаты – Кенжебекқызы Раяна және Мұқатай Аружан;
2 орын - 200 000 теңге сертификаты – Ұланқызы Қаламқас;
3 орын - 150 000 теңге сертификаты - Гульмамедова Аяулым.
5 номинация бойынша үздік жұмыстардың авторлары:
1. «Өзекті тақырып» – Мельдебекова Даяна;
2. «Жоба жаңалығы» - Тыныбекұлы Тілеубек;
3. «Ұжымдық жұмыс» – Ержанов Расул және Таткеев Жантуар;
4. «Үздік рәсімделген жұмыс» - Макашева Кәусар.
«Авторлық түпнұсқа туынды» номинациясы бойынша Жанатаев Диас ынталандыру сыйлығымен және дипломмен марапатталды. Байқауға қатысқан өзге студенттерге де сертификаттар табыс етілді.