Қарағандыда тоғыз айлық сәби дәрі егілген соң жансақтау бөліміне түсті
Қарағандыда тоғыз айлық сәби дәрі егілген соң жансақтау бөліміне түсті
Фото: unsplash
495
оқылды
Қарағандыда қызуды басатын дәрі егілген соң тоғыз айлық сәби ауыр халде жансақтау бөліміне түсті.  Анасы дәрі егер алдында баласына сынама дәрі салынбағанын айтады, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Оқиға туралы баланың анасы қарағандылық блогер Денис Денскиге айтып берген.
«2022 жылдың 8 желтоқсанында таңғы сағат 6:30-да Қарағанды ​​қалалық 42-ші жедел жәрдем бригадасы тоғыз айлық балаға қызбаға қарсы дәрі салды. Дәріден кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болған. Оған дейін ешкім баламның денесіне аллергиялық сынақ жасалмады, баламның ол препаратқа аллергиясы бар-жоғын мен де білмеймін. Дәрі егілгеннен кейін жамбасы мен аяғы қызарып, ісіп кетті», – дейді сәбидің анасы.
Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр, дәрі салынған жер іріңдей бастаған. 12 желтоқсанда сәбиге қан құйылған. Нәрестенің анасы дәрігерлерді ісіне салғырт қарады деп айыптап отыр. Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы аталған дерекке қатысты қызметтік тексеріс жүргізетінін, оның қорытындысы қосымша хабарланатынын айтқан.
«Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр, толық ем қабылдап жатыр», – деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.