Қазақстанда бір тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам қайтыс болды.
Бүгінде 2 008 адам коронавирустан (1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 13 адамның жағдайы ауыр;
– 1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.