«10 жылға соттағалы жатыр!»: Мейіржан Төребаевтың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады
«10 жылға соттағалы жатыр!»: Мейіржан Төребаевтың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: bugin.kz
Қамаудағы Мейіржан Төребаевтың мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Оразбақова блогерді түрмеге тыққысы келгендердің барлығына жауап берді, – деп хабарлайды Экспресс К. Адвокат Жанна Оразбақованың әлеуметтік желідегі жазбасына зер салсақ, ол Мейіржан Төребаевтың қаржы пирамидасына жарнама жасағаны үшін емес, оны құрғаны үшін соттағалы жатқанын жазды. "Ол жарнамалады ғой". Мейіржанның жазасын талап етушілердің басты дәлелі – осы. Иә, ол жарнама жасағанымен, сол кезде, яғни 2020 жылдың күзінде "Астекстің" де, "Мударабтың" да дәуірі жүріп тұрған, жүздеген салымшылары болды. Бірақ Мейіржанды енді жарнамасы үшін емес, қаржы пирамидасын құрғаны үшін соттағалы жатыр. Бірақ ол құрушы немесе жетекші емес, қонақ актер болғаны бәріне анық", – деді Жанна Оразбақова. Адвокаттың айтуынша, біздің елде жарнама ролигі жоқ жүздеген пирамида бар. Бірақ олардың барлығы 5 мыңнан астам азаматты алдаған көрінеді. Осы "пирамидаға" жұрттың өзі туыстарын, достарын сүйреп апарған. Достарын әкелгені үшін тіпті біреуі сотталды деп ойлайсыз ба? Жоқ! Сонда Мейіржанның олардан қандай айырмашылығы бар?, – деп ашуланды адвокат. Оның айтуынша, егер адамдар Мейіржанды жазалағысы келсе, оны ҚР ӘҚБтК-нің 150-бабы "қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметін жарнамалау" бойынша соттау керек. Яғни, блогерге айыппұл салынуы керек, – деп есептейді қорғаушы. Тағы да қайталаймыз: енді Мейіржан сотталғалы жатыр, оны таза 10 жыл күтіп тұр. Жарнама үшін емес, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында "пирамида" құрғаны үшін. Бірақ ол компания Мейіржанға дейін құрылып, жақсы жұмыс істеп тұрғаны белгілі, – деді Төребаевтың қорғаушысы.