Маңғыстауда үш баласын өлтіріп, артынан өзі дарға асылып өлген ер адамға қатысты тың дерек жарияланды. Журналист Гүлмира Әбіқайдың дерегінше, суицид жасаған ер адамды балаларға қатыгездік, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптаған.
"Ешқандай жоқшылық, қымбатшылық, Үкімет кінәлі емес! Маған жазылған хатты қаз-қалпында жариялады", – деп жазды Гүлмира Әбікай Instagram парақшасында.Оның айтуынша, ер адам ішкілікке жақын болған, әйелін ұрып-соққан, 15 жастағы өгей қызын зорлаған. Марқұмның артында қалған жары күйеуі қылмыстық қудалаудан қорқып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдады деп санайды.
"Сіңлімнің 15 жасар еріп келген қызы бар, соны зорлап, түрмеге кетпеймін деп өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларды сіңлімнен қызғанып, өзімен бірге алып кетті. Сіңлімді балаларынан айырып, зарлатып кетті", – делінген журналист жариялаған хатта.Еске салайық, қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болған. 38 жастағы ер адам 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық баласын өлтіріп, артынан дарға асылып өлген.