Коронавирус қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушының әуе билеттеріне қатысты саясатын өзгертті
Коронавирус қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушының әуе билеттеріне қатысты саясатын өзгертті
5,219
оқылды
Air Astana Қазақстанға Сингапурдан, Жапониядан, Тайландтан, Оңтүстік Кореядан, Гонконг пен Макао-дан келген жолаушыларға үндеу тастады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі енгізген коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары салдарынан Air Astana авиакомпаниясы 20 Ақпанда және бұрын сатып алынған авиабилеттерге қатысты ережелердің өзгергені туралы хабарлайды. Қазақстанға Сингапурдан, Жапониядан, Тайландтан, Оңтүстік Кореядан, Гонконгтан және Макао-дан келген жолаушылар азаматтығына қарамастан, авиабилеттерді кешірек күнге тегін қайта брондай алады.  Сондай-ақ олар жаңа бағыт бойынша авиабилеттер құнының айырмашылығын ғана төлей отырып, айыппұл санкцияларынсыз баламалы бағыттарға авиабилеттерді қайта брондай алады.  Бұл шарттар транзиттік жолаушыларға қолданылмайды.  Жоғарыда аталғандардан басқа, Air Astana әуе компаниясының авиабилеттерге қатысты саясаты өзгеріссіз қалады, делінген хатта.