Бәсекелестікті дамыту жолдарын баяндады
Бәсекелестікті дамыту жолдарын баяндады
406
оқылды
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Президентке Агенттік қызметінің негізгі ба­ғыт­­тары мен бәсекелестікті дамыту механизмдерін же­тілдіру жөніндегі тапсырмаларының орындалу ба­рысы туралы есеп берілді. Марат Омаров Мемлекет басшысына негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі кел­тіретін тосқауылдар мен оларды жоюға бағыт­тал­ған Агенттік қабылдап жатқан шаралары ту­ра­л­ы баяндады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мо­но­по­лияға қарсы жүргізілген тергеу жұмыс­та­рының ара­лық нәтижелері, сондай-ақ Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігінің қызметін жақ­сар­туға, оның ішінде корпоративтік басқару эле­мент­терін енгізуге, мемлекеттік қызметтерді циф­р­ландыруға қатысты қабылданған опе­ра­ция­лық шаралар туралы мәлімет берілді. Биыл 118 іс бойынша тергеу амалы аяқталды, 95 іс әлі қа­ралып жатыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы эко­но­миканың негізгі секторларындағы бәсекелестікті дамытуға, ведомствоның жүргізіп жатқан тергеу амал­дарына, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау және дамыту тәсілдеріне қатысты Бәсе­келестікті қорғау және дамыту агенттігінің төр-а­ғасына бірқатар нақты тапсырма берді.