Елордада басты шырша жұлдызын жағу рәсімі 19 желтоқсанға ауыстырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Шырша шамдарын салтанатты жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді. Сағат 18.00-де концерттік бағдарлама басталады», - делінген әкімдік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басты шырша 18 желтоқсанда EXPO халықаралық көрме орталығы аумағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ескерткішінің жанында жағылатыны хабарланған еді.
Сонымен қатар елордада мұз сырғанақтары, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңажылдық фото орындары мен тағы басқалары салынып жатыр.
Қысқы демалысты ұйымдастыру аясында қаланың барлық аудандарында арнайы орындар белгіленді.