Қоғамдық көлікте құлаққапсыз ән тыңдап, видео көруге тыйым салу ұсынылды
Қоғамдық көлікте құлаққапсыз ән тыңдап, видео көруге тыйым салу ұсынылды
5,503
оқылды
Ресейде іскерлік этика, және хаттама бойынша ұлттық сарапшылар қауымдастығы қоғамдық көлікте құлаққапсыз аудион (музыка)тыңдауға және видеоларды көруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ақпан айының басында Көлік министрлігі басқа адамдардың тыныштығына кедергі келтіретін теміржол көлігі жолаушыларын вагоннан шығарып тастауға болатын жағдайларды түсіндіруді ұсынды. Тиісті бұйрық жобасына сәйкес, департамент қоғамдық көлікте ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, жағымсыз иіс шығарғандарды көліктен түсіріп тастауға мүмкіндік алады. Бұл бастаманы көтерушілердің пікірінше, қоғамдық көлікте құлаққаппен ғана музыка тыңдап, видео көру азаматтардың  мәдени дағдыларын жақсартуға көмектеседі екен. Бірлестік мәліметінше, ресейліктердің 94 проценті музыканың дыбысын айналаға шығарып қойып тыңдауды құптамайды. Ал адамдардың 13%-і мұндай жөнсіздікті қойдырту үшін тіпті қол жұмсауға дейін баруға дайын.