Респонденттердің 31 пайызы электромобиль сатып алмайтынын айтты
Респонденттердің 31 пайызы электромобиль сатып алмайтынын айтты
Электромобильдер (EV) жаңа ғасырдың технологиялық жаңашылдығы саналады. Бірақ, кейбір адамдар оларға әлі де сенімсіздікпен қарайды. Фото Shutterstock сайтынан алынды
573
оқылды

Электромобильдер (EV) жаңа ғасырдың технологиялық жаңашылдығы саналады. Бірақ кейбір адамдар оларға әлі де сенімсіздікпен қарайды. SlashGear технологиялық платформасы америкалық нарықта электромобиль сатып алмаудың себебін іздеп эксклюзивті сауалнама жүргізді. Осы зерттеудің нәтижелерін SlashGear сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz ұсынады.

[caption id="attachment_232573" align="aligncenter" width="1807"]Picture2 Электрлік көліктердің көптеген артықшылығы болса да, сатып алушылар ақшасын жұмсамас бұрын ескеруі керек кемшіліктер де бар. Фото GettyImages сайтынан алынды[/caption]

Электрлік көліктер туралы ойлағанда көпшілік Tesla-ны елестетеді. Дегенмен бұл күндері автомобиль өндірушілердің көпшілігі электр көліктерін өндіруге инвестициялар салды. Ford, Chevrolet, Volkswagen және Nissan сияқты брендтер электромобильдер жасауда. Бұл көліктердің жұмыс істеуі әдетте арзанырақ болады. Бұл туралы Aikyn.kz арнайы материал жазған болатынбыз.

Электр қуатының бағасы әлемнің көптеген елінде бензин, дизель мен газға қарағанда арзан. Электрлік көліктер экологиялық жағынан әлдеқайда таза, сондықтан болашақта олардың сатылымы өседі деп болжануда. Bloomberg 2025 жылға қарай EV сатылымдары үш есе өседі деп мәлімдейді.

Болашаққа қатысты осындай артықшылықтар мен болжамдарға қарамастан, тұтынушылар әлі де электр көлігін сатып алуға дайын емес. Олар жанар-жағармаймен жүретін көліктерді таңдайды.

[caption id="attachment_232574" align="aligncenter" width="1807"]Picture3 Электромобильден бас тартудың басты себебі көліктің шектеулі қашықтығы. Бір заряд пен келесі заряд арасында электрлік көліктер есеппен 195 миль ғана жүреді. Фото GettyImages сайтынан алынды[/caption]

SlashGear АҚШ-тағы 605 оқырманынан неге электромобиль сатып алмағанын сұраған.

Респонденттердің 31,74% электромобильден бас тартудың басты себебі деп көліктің шектеулі қашықтығын атаған. Бір заряд пен келесі заряд арасында электрлік көліктер есеппен 195 миль ғана жүреді.

Екінші себепті, қымбат батареяларды ауыстыруды 22,98% атап көрсеткен. Автокөліктің маркасы мен үлгісіне байланысты аккумуляторды ауыстыру мыңдаған долларды құрауы мүмкін, сондықтан бұл тұтынушыға қиындық тудыруы мүмкін. Үшінші және төртінші орында электр көліктерін зарядтау стансалары өте аз және зарядтау уақыты мен жылдамдығы төмен. Мұның бәрі электромобильді сатып алмас бұрын көпшілікті ойландыратын басты себеп болып отыр.