Ақтөбе облысында орын алған жол апатына байланысты тергеу жүргізілуде
Ақтөбе облысында орын алған жол апатына байланысты тергеу жүргізілуде
506
оқылды
Ақтөбеде оқушылар мінген көліктің апатқа ұшырауына байланысты тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев Фейсбуктегі парақшасында.
«Достар, бүгін Ақтөбе облысында орын алған қайғылы жағдайды түсіндіргім келеді. Ең алдымен, қайтыс болған баланың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамын. Жол апатында тағы 8 бала зардап шекті. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында. Психологтар зардап шеккендер және олардың туыстарымен міндетті түрде жұмыс істейді. Оларға жан-жақты көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.