Ақтөбеде жол апатына түскен балаларға елордалық дәрігерлер көмектеседі
Ақтөбеде жол апатына түскен балаларға елордалық дәрігерлер көмектеседі
372
оқылды
Ақтөбеде жол-көлік апатына түскен балалардың денсаулығын нығайтуға елордалық дәрігерлер де көмектеседі. 
«Балалардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Алты балаға операция жасалды. Үш бала бас жарақатын алған, бір баланың қол-аяғы сынған. Тағы бір баланың жағы сынған. Екі баланың іш қуысы тексерілді. Қан ағып жатыр ма, жоқ па деп. Астанадан дәрігер шақырудың қажеті жоқ. Дегенмен  Ана мен бала орталығынан дәрігерлер  келіп, қарайды. Қосымша нейрохирург, травматолог келіп, тексереді. Бір балаға бірнеше рет ота жасалған жағдай да болды. Ата-аналардың барлығы кірді, балаларын көрді. Күн сайын ақпарат беріп отырмыз. Олар үйге бармай, осында отыр. Алма-кезек келеді. Кешеден бері осында жүрміз»,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.
Айта кетейік, қазір балалардың ата-аналары ауруханада отыр. Олар күні-түні осы жерде жүр. Ата-аналары журналистерге қандай да бір ақпарат беруге қарсы. Осыған дейін Ақтөбеде оқушылар мінген минивэн аударылып, бір бала көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты тергеу жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан балаларға операция жасалғаны хабарланды. Кейінірек жол-көлік оқиғасына түскен балалардың жаттықтырушысы ес-түссіз жатқаны анықталды. Ал көлікті басқарған спорт мектебі директорының орынбасары екені белгілі болды.