Жасанды интеллект студенттерге эссе жазып береді
Жасанды интеллект студенттерге эссе жазып береді
OpenAI компаниясы жасаған ChatGPT қолданбасын студенттер жазба жұмыстарын орындау үшін пайдаланады деген қауіп бар. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
Жасанды интеллектің қарқынды дамуы университеттер үшін де үлкен проблемаға айналуы мүмкін. OpenAI компаниясы жасаған ChatGPT қолданбасын студенттер жазба жұмысын орындау үшін пайдаланады деген қауіп бар. Financial Times басылымында жарияланған материалға сілтеме жасап, Aikyn.kz проблеманың мән-жайын зерттеп көрді. [caption id="attachment_232723" align="aligncenter" width="1809"]Рисунок2 Эссе жазуды имитациялайтын чат-бот іске қосылғаннан кейін университеттер жазба жұмыстарын бағалаудың жаңа түрін әзірлеуі тиіс. Қазірдің өзінде жұмыстардың бірегейлігін тексеруге арналған көптеген антиплагиат қызметтері бар. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Оқытушы профессорлар эссе жазуды имитациялайтын чат-бот іске қосылғаннан кейін университеттер жазба жұмыстарын бағалаудың жаңа түрлерін әзірлеуі тиіс екенін айтуда. Қазірдің өзінде бөтен авторлардың жұмыстарын пайдалануды тексеруге арналған көптеген антиплагиат қызметі бар. Ал, OpenAI компаниясы жасаған ChatGPT – дәлелдер құра алатын және мәтіннің маңызды ойларын анықтай алатын бағдарлама.
ChatGPT – көлемі жүздеген гигабайттан бірнеше терабайтқа дейін жететін үлкен көлемдегі мәтіндер мен деректерді қолданып, өзін-өзі дамытатын алгоритммен жұмыс істейді. Ол сұрақтарға нанымды және дәйекті жауаптар береді, сөздер тізбегі бойынша келесі орынды сөзді болжайды.
Бірақ, мамандардың айтуынша, оның жауаптары дұрыс болмауы да мүмкін, сондықтан, чат-бот жазған мәтіндер мен фактілері тексеруді қажет етеді. Осындай интеллектуалды машиналардың қызметін пайдаланып, студенттер академиялық адалдықты сақтамай, жалған жұмыстар ұсыну ықтималдығы артуда. [caption id="attachment_232724" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Профессорлар мен жоғары білім беру саласының кеңесшілері, когнитивті білім бойынша ғалымдар жасанды интеллект тарапынан академиялық адалдыққа төнетін қауіпке жауап ретінде бағалаудың жаңа әдістерін әзірлеуді ұсынуда. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Бұл бағдарламаны құрушы OpenAI компаниясының ресми сайтында «біздің миссиямыз – жасанды интеллекті зерттеу және енгізу, оның бүкіл адамзатқа пайда әкелетініне көз жеткізу» деп жазылған. Microsoft компаниясы OpenAI-дің жасанды интеллект (AI) жобаларына қолдау көрсетеді және компанияның негізгі инвесторларының құрамында айтылады.
Өткен аптада 130-ға жуық университет өкілдері Ұлыбританияда орналасқан жоғары білімге арналған технологиялар бойынша кеңес беретін JISC қайырымдылық ұйымының семинарына қатысты. Семинарда жасанды интеллект «жазған» туындыларды тексеретін антиплагиат бағдарламаларының тиімсіздігі, керісінше, технологияны жазу мен шығармашылықты жақсарту үшін пайдалануға болатыны айтылды. Дегенмен, әлемнің әр түкпіріндегі профессорлар мен жоғары білім беру саласының кеңесшілері, когнитивті білім бойынша ғалымдар университеттерден жасанды интеллект тарапынан академиялық адалдыққа төнетін қауіпке жауап ретінде бағалаудың жаңа әдістерін әзірлеуді сұрауда. [caption id="attachment_232725" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Ұстаздар студенттерде сыни ойлау мен өз бетінше мәтін құрау, редакциялау сияқты адами дағдыларды ынталандыру қажеттігіне назар аударуда. Фото gettyimages.com сайтынан алынды.[/caption] Turnitin – плагиатты анықтау үшін бүкіл әлем бойынша шамамен 16 000 мектеп жүйесі пайдаланатын бағдарламалық құрал және AI көмегімен жазудың белгілі бір түрлерін анықтай алады.
Turnitin компаниясының өнім жөніндегі директоры Энни Чечителлидің айтуынша, АҚШ-та орналасқан компания ұстаздарға интернеттен алынған мәтіндердің «іздерін» бағалауға көмектеседі. Оның ойынша,  ұстаздар студенттерде сыни ойлау мен өз бетінше мәтін құрау, редакциялау сияқты адами дағдыларды ынталандыруы қажеттігіне назар аударуы тиіс.