АҚШ Сенаты TikTok-ты қолдануға тыйым салуды мақұлдады
АҚШ Сенаты TikTok-ты қолдануға тыйым салуды мақұлдады
АҚШ Сенаты мемлекеттік қызметкерлер пайдаланатын құрылғыларда TikTok-қа тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
548
оқылды
АҚШ Сенаты мемлекеттік қызметкерлер пайдаланатын құрылғыларда TikTok-қа тыйым салуды көздейтін заң жобасын қабылдады. «Мемлекеттік құрылғыларда TikTok-қа тыйым салу туралы заң» жобасы Сенатта бірауыздан қабылданды. Енді жоба Өкілдер палатасында талқылануға жіберілді. Заң жобасын қабылдау себептерін жазған SlashGear платформасына сілтеме жасап, Aikyn.kz оның құқықтық салдарын түсіндіреді. [caption id="attachment_232728" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 АҚШ Сенаты қолдаған тыйым TikTok-қа, сондай-ақ оны жасаушы қытайлық ByteDance компаниясы әзірлеген кез келген басқа қолданбаға қатысты. Фото www.iphones.ru сайтынан алынды[/caption] Сенатор Джош Хоули ұсынған және АҚШ Сенаты қолдаған тыйым TikTok-қа, сондай-ақ оны жасаушы қытайлық ByteDance компаниясы әзірлеген кез келген басқа қолданбаға қатысты.
Ұсынылған тыйым қысқа бейнені бөлісу қолданбасын «АҚШ немесе мемлекеттік корпорация шығарған кез келген құрылғыда» орнатуға және пайдалануға тыйым салады.
Дегенмен, білікті ғылыми қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнетін сценарийлерге бірнеше ерекшелік жасалады. Мұндай ерекше жағдайлар үшін агенттіктер алдын ала тәуекелді азайту хаттамаларын жасауы керек. [caption id="attachment_232729" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок7 Заңның орындалуын бақылау міндеті АҚШ-тың Ұлттық барлау басшысы, киберқауіпсіздік және инфрақұрылымдық қауіпсіздік агенттігінің директорлары мен қорғаныс министріне жүктеледі. Фото tiktokeri.ru сайтынан алынды[/caption] Саясаттың сақталуын бақылау міндеті жүктелетін шенеуніктердің қатарында Ұлттық барлау басшысы, киберқауіпсіздік және инфрақұрылымдық қауіпсіздік агенттігінің директорлары мен қорғаныс министрі бар.
АҚШ – TikTok-тың ең құнды ауқымды нарығы. Алабама және Юта штаттары қауіпсіздік мақсатында мемлекеттік құрылғылардағы TikTok-қа заң Сенатқа енгізілген күннен бастап тыйым салды.
Штат губернаторы Кей Айви Twitter-де жариялаған мәлімдемесінде «ТикТок өз пайдаланушыларынан үлкен көлемдегі деректер жинайды», бірақ оның көп бөлігі оның негізгі бейне бөлісу функциясына еш қатысы жоқ екенін айтты. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Техас, Оклахома, Оңтүстік Каролина, Мэриленд және Оңтүстік Дакота штаттарында осындай тыйымдар бар. Федералды қызметкерлерге TikTok-ты қолдануға тыйым салуы айсбергтің бір төбесі ғана. [caption id="attachment_232730" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок8 The Washington Post газетіндегі мақаласында сенатор Марко Рубио үкімет «тым кеш болмай тұрып, бұл ықтимал шпиондық бағдарламаға тыйым салуы керек» деп мәлімдеген. Фото www.iphones.ru сайтынан алынды.[/caption] Сенатор Марко Рубио Америка Құрама Штаттарында мемлекеттік қызметкерлер үшін ғана емес, бүкіл америкалықтарға TikTok-ты қолдануға тыйым салуға бағытталған заң жобасын бөлек ұсынды.
The Washington Post газетіндегі мақаласында Рубио үкімет «тым кеш болмай тұрып, бұл ықтимал шпиондық бағдарламаға тыйым салуы керек» деп мәлімдеген.
Қараша айында Федералды тергеу бюросының директоры Кристофер Рэй Өкілдер палатасының ішкі қауіпсіздік комитетіндегі тыңдауда TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтқан.