Жел, көктайғақ, бұрқасын - 12 аймақта күн бұзылады
Жел, көктайғақ, бұрқасын - 12 аймақта күн бұзылады
289
оқылды
Қазгидромет 20 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында жел 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады. Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жел 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Абай облысының солтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі.