Польшадан келген саяхатшылар ауа райына байланысты жолда қалып қойды
Польшадан келген саяхатшылар ауа райына байланысты жолда қалып қойды
286
оқылды
Қазақстандық полицейлер 16 желтоқсанда Польшадан келген саяхатшыларға көмектесті. Polisia.kz-тің мәліметінше, Польша елінің бес азаматы Төретам кентіне келіп, кенттен велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақ болған.
Алайда олар күннің суық болуына байланысты жолға шыға алмай, Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңырдағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмектескен.