Түркияда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды
Түркияда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды
395
оқылды
Түрік-иран шекарасына жақын маңда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде жерасты дүмпулері тіркелген. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, табиғи апаттың ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. Айта кетейік, 2020 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8-ге тең жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Жер сілкінісінен кейін мыңнан аса афтершок тіркелген. Сол кезде жер сілкінісі салдарынан 41 адам қаза тапты, 1500-нан аса адам ауруханаға түсті.