Үндістанда 3 мың тонна алтын табылғаны өтірік болып шықты
Үндістанда 3 мың тонна алтын табылғаны өтірік болып шықты
378
оқылды
Үндістанда 3 мың тонна алтын табылғаны өтірік болып шықты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Осыған дейін India Times басылымы Уттар-Прадеш штатының шығысындағы Сонбхадра округында геологтар шамамен 3,5 тонна алтын кенішін тапқаны туралы хабарлады. Бұл елдегі алтын қорынан бес есе көп деген сөз. Бағалы металдың құны шамамен 12 триллион рупий.
Үндістанның геологиялық қызметі бұл аймақтан небәрі 160 келі алтын табуға болатынын айтты. Үндістанның алтын қоры 626 тонна. Алтын қоры бойынша бірінші орында АҚШ (8133 тонна) тұр. Егер Уттар-Прадеш кен орыны туралы ақпарат рас болса, онда Үндістан Германияны (3366 тонна) екінші орыннан ығыстырар еді.