Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
262
оқылды
Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды,  – деп хабарлайды Polisia.kz  Telegram каналы. 19 желтоқсан күні сағат 22.05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың денесі табылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Ананың жаңа туған баланы өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Анасының жеке басы әзірге анықталмады.