Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинады

Мессидің кубокпен түскен фотосы желіде рекордтық лайк жинады

Лионель Мессидің әлем чемпионаты кубогымен түскен фотосы Instagram-да рекордтық лайк жинады. Қатарда өткен әлем біріншілігінің үздік ойыншысы, 35 жастағы Мессидің өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған суреті 56 миллионнан  астам лайк жинаған. Бұдан бұрынғы рекорд 55,9 млн лайкы бар жұмыртқа суретіне тиесілі еді. Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Л.Месси өз құрамасы сапында әлем чемпионы атанған болатын. Қатардағы додада Месси 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын пенальти сериясында Францияны жеңген Аргентина үшінші рет әлем чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы болды. «ПСЖ» клубы Килиан Мбаппені 300-350 млн еуроға сатуға дайын.