Оқиға кеше сағат 08:21-де Ақсу ферроқорытпа зауытының балқыту цехында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Зауыттың Instagram парақшасында жарияланған мәліметте конвейер маңында жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған.
Апат болған орынға шұғыл жедел жәрдем шақырылған. Зардап шеккен жұмысшы Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады.
Қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі.