Профессор Амангелді Айталы қайтыс болды
Профессор Амангелді Айталы қайтыс болды
Фото: kitap.kz
1,250
оқылды
Қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы 83 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігі таратқан ақпаратта айтылды. Ол 1939 жылы Астрахань облысы Володар ауданы Болдырево ауданында дүниеге келген. 1964 – 1967 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік институты)  аспирантурасын бітірген. 1959 жылы Марфин ауданы Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болған. 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында аға оқытушы; 1970 – 1983 жылы осы институтта философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі; 1989 – 1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры; 1996 – 1999 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия кафедрасының меңгерушісі; 1999 – 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007 – 2010 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры. 2010 жылдан Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында профессор, сонымен қатар «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі; 2013 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының профессоры, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі; Амангелді Айталы 100-ден астам ғылым мақалалардың, 5 монографияның авторы. 1986 жылы КСРО-ның «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1996 жылы Философия ғылымының докторы (құрметті ғылыми атағы); 1996 жылы профессор; 1996 жылдан ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі; 2001 жылы Елбасының жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды. 2009 жылы «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері; 2015 жылы Президент Жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс» орденімен марапатталды. 2016 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік медалімен марапатталған. Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері; «Білім беру саласының үздігі»; Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.