Әнші Мейрамбек Бесбаев 50 жас мерейтойында домбырасының аукционға қойылғанына қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Белгілі болғандай, тойда домбыра 15 миллион теңгеге сатылған. Осыдан кейін желі қолданушылары “домбыраны сатты” деп сынға алды.
Әнші аукционның мақсаты ақша жинау болмағанын түсіндірді. Айтуынша, достары тойды қызық ету үшін әрі домбыраның қадірін көтеру үшін осылай жасаған.
“Қазақтар қосқанды жақсы көреміз ғой. “Бұл әртістер құтырған, байыған” деп. Жігіттер домбыраның қадірін көтергісі келді. Әйтпесе, сол ақшадан ақша алады дейсіңдер ме немесе домбыраны сатып, ақшасына мейрамхананың шығынын жауып алады дейсіңдер ме? Ондай жоқ қой. Негізі, шынымен де бере алатын жігіттер бар, мәрт жігіттер ғой. Тек қызық болсын, есте қалсын деп, домбыраның қадірін көтергісі келді”, – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
